2023 жылдың 18-20 мамыр аралығында Qazaqstan Live Fest 2023 халықаралық көрмесі өтуде. Астана қаласында өтіп жатқан бұл көрме Қазақстанның әр өңіріндегі туризм саласының қалай дамып келе жатқанын көрсетеді. Соның ішінде Шымкент қаласы туристік әлеуеті жыл сайын артып келе жатқан мегаполистер қатарында.
Көрме аясында Шымкент қаласының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы, «Amanat» дизайнерлік киімдер бренді, «Dora» және «Graf» қонақ үйлері және «OCA travel» және «ShymTour» туристік-компаниялары шаһардың әлеуетін таныстырды.
Көрме аясында туризм және қонақжайлылық мәселелеріне байланысты екі негізгі блоктан тұратын Travelhub Kazakhstan конференциясы өтті. Бұл іс шара Шымкент қаласының еліміздегі ірі туристік орталықтардың бірі ретінде қалыптасуына септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашады.
Айта кетейік, үшінші мегаполисте биыл 12 жаңа туристік нысан ашылады деп күтілуде.