70
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Аталған іс-шараның мақсаты — қала аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау және қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу.
Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында жаяу патрульдің маршруттары жасақталды. Оған ішкі әскерлердің, патрульдік полицияның қызметкерлері, учаскелік полиция қызметкерлері, кәмелетке толмағандар қызметінің инспекторлары қатысады. Олар күн сайын қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға араласады.
Айта кетейік, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 сәуірге дейін жалғасады.
Please follow and like us: