Карантиндік режимнің жеңілдетіп кейбір нысандар жұмысын санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылатын болды. Атап айтар болсақ Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаевтың мәлімдеуінше:
- Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 01 маусымынан бастап күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимін сақтаумен келесі нысандардың жұмысы қайта басталсын:
1) жаттығу залы, фитнес клубтар, сауналар, моншалар, SPA салондар №37 ҚР БМСДҚ-ның №8, № 42 қосымшаларына сәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерді ескере отырып);
2) көрермендердің қатысуынсыз спорттық және мәдени нысандар №37 ҚР БМСДҚ-ның №8 қосымшасына сәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерді ескере отырып) және №37 ҚР БМСДҚ-ның №9 қосымшасына сәйкес;
3) ұжымдық, мерекелік және салтанатты іс-шараларды өткізбестен (құдалық, туылған күн, мерей тойлар және басқалар) 50 орынға дейін қоғамдық тамақтану орындары және жазғы алаңдар №37 ҚР БМСДҚ-ның №17 қосымшасына сәйкес;
4) топта 15 адамға дейін қосымша білім беру, оның ішінде мектептен тыс ұйымдары (дамыту орталығы, үйірмелер, курстар) №37 ҚР БМСДҚ-ның №40 қосымшасына сәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерді ескере отырып);
5) халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталықтары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес;
6) автокөлік сататын және мал базарлары осы қаулының №2, №3 қосымшаларына сәйкес;
7) мектепке дейінгі ұйымдарда 20 баладан аспайтын (жасына қарай) кезекші топтар №37 ҚР БМСДҚ-ның №14 қосымшасына сәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерді ескере отырып);
8) теміржол вокзалы №37 ҚР БМСДҚ-ның №12 қосымшасына сәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерістерді ескере отырып).
- Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 02 маусымнан бастап күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимін сақтаумен автовокзалдар, автостанциялар жұмысын қайта бастасын №37 ҚР БМСДҚ-ның №8 қосымшасына сәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерді ескере отырып).
- Шымкент қаласының аумағындағы барлық топтағы нысандар үшін жұмыс уақыты бөлек көрсетілген жағдайды қоспағанда сағат 06:00-ден сағат 21:00-ге дейін белгіленсін.
- Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 10.05.2020 жылғы №17 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
- 3 тармақтың 4 тармақшасының күші жойылсын;
- 3 тармақтың 18 тармақшасының күші жойылсын;
- 3 тармақтың 22 тармақшасының күші жойылсын;
- Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 24.05.2020 жылғы №18 қаулысына келесі өзгерістермен толықтырулар енгізілсін:
- 2 тармақтың 2 тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын: «шектеусіз аулаларға, саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға бетперделік режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі;
2) 3 тармақтың 2 тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:
«кинотеатрлардың, түнгі клубтар, сауда-ойын-сауық кешендері, орталықтары, үйлері жанындағы балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батут және фудкорттардың, жұмсақ балмұздақ сататын нысандардың, жұмсақ балмұздақ жеткізіп беретін нысандарды қоспағанда, жәрменкелер;
3) 3 тармақтың 4 тармақшасының күші жойылсын;
4) 4 тармақ келесі тармақшамен толықтырылсын: «4) сауықтыру лагерлері оның ішінде мектеп жанындағы лагерлер жұмыс істеуіне тыйым салынсын».
- Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығына және аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының басшыларына:
- жұмысын қайта бастаған нысандарға санитариялық-дезинфекциялық және санитариялық-карантиндік талаптардың сақталуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін;
- карантин кезінде қабылданған талаптарды орындамаған және кемшіліктер анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша шара көрілсін.
- Шымкент қаласы әкіміне, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығына 2020 жылдың 1 маусымынан бастап регионаралық блок — посттар алынсын.
- Меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалармен Қаулының орындалуы міндетті.
- Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
- Осы Қаулы 2020 жылғы 01 маусымынан бастап күшіне енеді.