Қамқор болмаған, қолдау білдірмеген, қорған болмай қалған адамы жоқ Бейсенде өтті өмірден.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтіғұн артында із қалдырған…..
Қазақ журналистикасы ауыр қазаға ұшырады. Талантты журналист, Бейсенді ең алдымен азаматтық болмысы, адами қасиеттері, шыншыл мінезі үшін жақсы көруші едім. Ол жағынуды, кемшілікті жасырып-жабуды білмейтін. Ешқашан ақиқаттың жолынан айныған емес. Маңайына шуағын шашып, мейірімін төгіп жүретін жаны жарық азамат еді. Алдына келгенге жылы сөздерімен демеу беріп, Жас журналистерге тәлімгер болып, жолын ашты. Ағаға іні, кішіге қамқор аға бола білді. «Қазақстан» телеарнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасы арқылы да қаншама мыңдаған адамға көмектесті.
Мен соңғы күнге дейін оның ауруды жеңіп шығатынына сеніп едім. Əттең… Бірақ ажалға араша жоқ екен… Бейсен туралы өткен шақта айтудың өзі ауыр…
Арыс азаматымыздың жатқан жері жарық, иманы жолдас болсын! Бейсеннің жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады.