Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Полиция департаментінің тынымсыз еңбек иелері

92қаралым

Қазір мамандықтың түр-түрі бар. Бірақ еден жуатын тазалықшы әйелдердің бұл істі таңдап, армандамағаны анық. Десек те, қандай қызмет жасасаң да, наныңды маңдай теріңмен тапсаң болғаны. Өйткені көп адамдар түрлі себептерге байланысты мамандығына сай жұмыс жасамай, басқа кәсіппен айналысуы мүмкін.

Бүгінгі біздің кейіпкерлеріміз «Жұмыс жоқ, үй жоқ» деп, шағымын айтып отыратын кейбіреулерден 100 есе артық. Олай дейтініміз, бұл- бейнетімен адал нанын тауып жүрген тазалықшы әйелдер!

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, Түркістан облысы Полиция департаментінің Тылды қамтамасыз ету басқармасына қарасты, ғимараттың тазалығына жауапты 30-дан астам әйелдерді құрметтеп, ізгі тілек арнағымыз келді. Үнемі тынбастан Полиция департаментінің тазалығын қадағалап, ондағы қызметкерлердің мұнтаздай жарқыраған жерде жұмыс жасауына жағдай жасап жүрген қыз-келіншектердің еңбегі зор. ​Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын!

Осы жандардың арасында, ұжым ортасында сыйлы Перизат Алдиярова туралы айта кетсек. Түркістан қаласында дүниеге келген Перизат, мектеп бітірген жылы тұрмысқа шыққан. Бүгінде алтынқұрсақты ана. Жалпы 4 ұл, 3 қыздың аяулы анасы. Жұбайы жүргізуші болып жұмыс жасайды. Қарапайым отбасында мейірімділік, береке-бірлік салтанат құрған. Ендеше қазақтың санын көбейтіп отырған Перизатқа алғыс айтамыз!

Ал келесі кейіпкеріміз Гүлмира Құрбаналиева, Қызылорда облысының Қожамберді ауылында дүниеге келген. Сол кездегі педучилищеде оқып, алғашқы қызметі «Төменарық» ауылындағы №53 орта мектепте лаборант мамандығынан басталған. Ал 2010- 2019 жылдар аралығында Түркістан қаласындағы «Талғат» клиникасында кіші мейірбике болған.
Полиция департаментінде 2019 жылдан бері кіші техник болып, жұмыс жасап келеді. Аяулы жар, ардақты ана, асыл әже!

Үшінші кейіпкеріміздің Полиция департаментінде жұмыс жасап жатқанына 5 жыл болған. Ол-Мөлдір Тұрғанбаева. Шиелі ауданының тумасы, 2009 жылы тұрмыс құрған. Өмірлік жолдасы жеке кәсіпкер. Бүгінде ерлі-зайыптылар 1 ұл, 3 қызды тәрбиелеп отыр.

-«Басшыларымыз үнемі сыйақыдан қалдырмайды. Қарым-қатынас кезінде, құрмет білдіріп, сыйластық танытады. Сондықтан басшы құрамға Алғыс айтамын!»-дейді Мөлдір өз сөзінде.

Шынында, бүкіл ғимаратты тазалап, еденді жуып-сүртіп, елдің алғысын алуға асығатын тазалықшылардың еңбегі зор. Өздеріңіз көріп отырғандай, олар шаңырақтың шырағы, отбасының ұйытқысы, жұмысында жауапты. Атқан таңмен таласа жұмыс жасайтын департаменттің тазалықшы қауымына амандық, мол табыс тілейміз!

Please follow and like us: