Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ МОРАЛЬДІ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ БАЯНДАЛДЫ

4қаралым
Түркістан облысы Полиция департаменті Тәрбие және Кадр жұмысы басқармасының бастығы М.Асқаров, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Н.Мырзатаев, жеке құрам инспекциясының бастығы Д.Тұрлыбеков және Ішкі істер органдары Ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаевтардың төрағалығымен жеке құрам қызметкерлеріне арналған маңызды жиын өтті.
Онда жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталуы және моральді-психологиялық ахуалдың жай-күйі туралы кеңінен қозғалып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау мәселелері бойынша ақпарат берілді.
Өз кезегінде ардагер Оспанғазы Балақожаұлы жеке құрам қызметкерлерінің санасында патриоттық сезім мен жоғары кәсіби, рухани — адамгершілік, қасиеттерін қалыптастыру мақсатында, әрбір сөзін ұлы ғұламалардың ой-пікірлерімен нақтылап жеткізді.
Сонымен қатар аға инпектор-психолог Мархабат Илесова Түркістан қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы арасында моральді-психологиялық ахуалдың жай-күйін баяндап, «Өмір туралы жеті ақиқат», Айна» атты бейнероликтерді жеке құрам назарына ұсынды. Полицейлерге өз қызметіне адалдығы жолындағы мотивациялық бағытты нұсқады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Please follow and like us: