Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

Полицейлер жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына табыстады

135қаралым

Созақ аудандық полиция бөлімі әкімшілік практика тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Бақдәулет Ынтымақ, базар маңынан 3 жас шамасындағы кішкентай баланың жалғыз жүргенін байқап қалады. Содан бірден әрекет етіп, баланың қасына барып, аты-жөнін ,тұратын мекенжайын сұрайды. Алайда тілі дұрыс шықпаған бүлдіршін нақты жауап бере алмайды. Ал тәртіп сақшысы оны полиция бөліміне жеткізіп, оның ата-анасын табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жұмыстарды жүргізді. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік желідегі чаттарына баланың суреті жіберілді. Осылайша жан-жақты жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде, баланың әкесі анықталып, оған ұлы дін аман тапсырылды.

Дәл осыған ұқсас жағдай Жетісай ауданында орын алды. Бұл жолы полицияға тұрғындардың бірі көшеде жалғыз жүрген 5-6 жас шамасындағы ұл баланы көріп, оның қауіпсіздігі үшін әкелгенін жеткізді. Ал бірден баламен тілдескен полицейлер, оның оқитын мектебін анықтады. Сол арқылы мұғалімдерін тауып, одан кейін ата-анасымен байланысты. Полиция бөліміне келген анасы, 0-сынып оқитын ұлымен қауышты.

Тәртіп сақшыларының анықтауынша, екі жағдайда да балалар ойнап жүріп, жақындарынан алыстап қалған.

Өз кезегінде ата-аналар, полицейдің қырағылығына риза болып, ризашылығын білдірді.

Please follow and like us: