Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Полицейлер жаяу жүргіншіден марихуана тәркіледі

85қаралым

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары түнгі сағат 00:15 шамасында, аудан орталығы көшелерінің бірінде жүрісі күмәнді жаяу жүргіншіні байқап қалады. Содан полицейлер тұрғынды тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде, оның өзімен бірге есірткі затын алып жүргенін анықтады.
Яғни жергілікті тұрғынға жеке тінту жүргізген тәртіп сақшылары, ер адамның қалтасынан есірткіге ұқсас затты тапқан. Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Ал сараптама нәтижелеріне сәйкес, тәркіленген есірткі «кептірілген марихуана» болып шықты. Қазіргі уақытта осы жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді. Сондай-ақ тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға және жаман әдеттерден бас тартуға шақырады.

Please follow and like us: