70
«Кішкентай кезімнен спортқа бейім болдым, таэквондо WTF жасөспірімдер арасынан бірнеше жетістіктерге жеттім. Спортқа қатысып жүргенімде мектеп инспекторын көріп полиция қызметкері болуды армандайтынмын» -деді Айнур Галымжанқызы
Шымкент қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің Туристтерге қызмет көрсету жөніндегі инспекторы полиция капитаны Жумадилова Айнур Галымжанқызы 2009 жылы Шымкент каласының Б.Момышұлы атындағы Заң колледжіне түсіп 2011 жылы бітірген. 2011-2014 аралығында Әл-Фараби Полиция басқармасы Әкімшілік полиция бөлімі инспекторы лауазымы, 2014 — 2017 жылдары Қаратау Полиция басқармасы кезекші инспекторы лауазымында болған. 2017-2019 жылдары Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы болып қызмет атқараған.2014 жылы 1 км жарыста жүгіруден облыс арасында болған жарыстан 1 орын алған. 2017 жылы Шымкент қаласының әкімінен мадақтау грамотасын алған.Бірнеше рет қалалық, облыстық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған.
Айнур Галымжанқызы спорт пен құқық қорғау органдарының қызметін бірге қоса алып жүр. Ішкі істер органдары — мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдарының бірі. Сақшылардың кәсіби қызметі зор жауапкершілігімен, тәуекелге бел бууымен ерекше құнды. Осынау қырағы мамандықты таңдаған арулар да елінің алдындағы борышын сезінетіні сөзсіз.
Please follow and like us: