Полиция қызметкерлері есірткі қылмысымен күресу мақсатында күнделікті жұмыс атқарады. Мәселен, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында, жергілікті тұрғынның үйінде есірткі затына ұқсас өсімдікті өсіргенін анықтады.
Полицейлер күдіктінің ауласын тінту кезінде 9 түп есірткі затына ұқсас өсімдікті тәркілеп алды. Аталған өсімдікке сараптама тағайындалды. Оның қорытындысына сәйкес «сора» болып шықты. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеді. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға заңсыз есірткі затын өсіру, баптау, тасымалдаумен айналысу заңға қайшы екенін ескертеді.