Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШУДА

75қаралым

Шымкентте құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық жұмыстар өз нәтижесін беріп жатыр. Нәтижесінде қылмыс саны 2022 жылы (2021 жылмен салыстырғанда) 11 пайызға азайған.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының Полиция қызметкерлері азаматтардың тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жазған өтініштеріне жүйелі түрде талдау жүргізіп, әрбір проблемалық отбасылармен кездесіп, профилактикалық жұмыс атқарып келеді.

Бұдан бөлек, 2022 жылы полиция органдарында жұмыстың сервистік моделі енгізілді. Жаңа жүйе тәртіп сақшыларының қолжетімді болуына, ашық әрі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жедел және дамыған әдістерді қолдануға мүмкіндік берді. «Сервистік полиция» пилоттық жобасы үш кезеңмен жүзеге асырылды. Жоба алдымен Әл Фараби ауданы аумағына тәжірибе ретінде енгізіліп, нәтижелі жұмыс көрсетті. Аудан тұрғындарынан қауіпсіздік мәселелеріне қатысты алынған ұсыныстар қорытындыланып, бірқатар мәселелердің шешу жолдары талқыланды. Халық арасында қауіпсіздіктің кейбір мәселелеріне қатысты сауалнамалар жүргізілді (сауалнамадан өткен халық саны — 3005).

Осындай ауқымды жоба нәтижесінде жергілікті атқарушы орган тарапынан шұғыл шешілуді қажет ететінін атап айтқанда, бейнебақылау камерасын орнату, жарықтандыру, жасанды жол кедергілерін орнату, қылмыс көп орын алатын қараусыз қалған аумақта жаяу патрульдік полиция қызметкерлерін қою бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынған.

Please follow and like us: