Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғамМәселе

ПӘТЕРДІ ТӘУЛІККЕ ЖАЛҒА БЕРУ БОЙЫНША РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

103қаралым

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына қарасты №21 учаскелік полиция пункті қызметкерлері және Жедел қимылдайтын арнайы жасағының өкілдерімен Желтоқсан көшесі 17 үй аумағында жалға берілетін пәтерлер бойынша рейдтік іс-шара жүргізілді. Шара барысында жалға пәтер беруші азаматтарға және жалға пәтер алған азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеке бастарын анықтау үшін 9 тұлға жеткізіліп, қол-саусақ іздері алынды. Ал 2 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерімен жалға берілетін пәтерлер мен үйлерде тұратын адамдардың тиісті құжаттарын және тіркелуін тексеру бойынша іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі» — деді №21 учаскелік полиция пунктінің қызмет инспекторы Асқар Бекшігітов.

 

 

Please follow and like us: