72
Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықтың медицина мамандары қосалқы ауруы бар қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға күрделі ота жасау техникасын меңгеруде.
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкогинекология орталығының жетекшісі Ерлан Кукубасов және онкогинекология орталығының дәрігері Орынбасар Бертілеуов 22 сәуірден бері шымкенттік онкологтар үшін шеберлік сабағын өткізіп жатыр. Олар жергілікті дәрігерлерге жаңа аппаратта күрделі операция жасау кезеңін және техниканы қолдану әдісін іс жүзінде жасап көрсету үстінде.
Тәжірибе барысында Алматыдан келген дәрігерлер қосалқы аурулары бар обыр ауруына шалдыққан науқастарға лапароскопиялық әдіспен ота жасады. Операция жасалған науқастардың басым бөлігінде семіздікке шалдыққан және қант диабеті, артериалды гипертензия сынды қосалқы аурулары бар.
Лапароскопиялық әдісте науқастың ағзасын кеспей ота жасайды. Мамандардың айтуынша, бұл науқастың тез айығуына, терісінде із қалдырмауға мүмкіндік береді. Тіпті науқас операция жасаған күні кешкісін өздегінен тұрып жүре алады дейді.
Please follow and like us: