Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНДЕ ТАҒЫ БІР АУДАНДЫ СУ БАСУДА…

79қаралым

ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ.

2020 жылы 13 мамыр сағат 16:30 шамасында қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округіндегі Қасқасу өзені суының деңгейі көтеріліп, арнасынан тасыды деген хабар тарады. Аудан  әкімі Бауыржан Омарбековтің бастамасымен құрылған жұмыс тобы елді мекенге барып, орын алған жағдай барысымен танысты. Қасқасу елді мекеннің ішіндегі 4 көпірді су алды.

Осы уақытта жедел жұмыс тобы судан келген қауіптің алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыруда. Тұрғындар үшін жанама көпір арқылы өту жолдары қарастырылды. Қазірден бастап көпірлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қасқасуда бүгін қазылып біткен 2,5 шақырымдық қашыртқы каналының арқасында елді мекенге су бармаған. Түнімен тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіріп, тыным таппаған аудан әкімі мен тұрғындарға қазіргі уақытта қауіп жоқ дейді.

13.05.2020ж. сағат 21.45 шамаларында, Төлеби ауданы, Киелітас а/о, Сұлтан-Рабат ауылы, Сауран көшесінде және Достық елдімекені Жылқыбаев көшесінде аудан аумағында жауған нөсерлі жаңбырдың суы жалпы жиыны 77 тұрғын үйдің ауласына кіргені туралы хабарлама түскен. Тұрғындар Ленгер қаласындағы N8 колледжге жайғастырылып, тиісті заттармен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, Көксәйек а/о, N9 колледжде эвакуациялық бөлімше әзірленген.

Аудан әкімі Б.Омарбеков бастаған төтенше жағдайдың алдын-алу жөніндегі жедел штаб аудан аумағындағы елді мекендердегі жағдай барысымен танысуда. Аудан аумағынадғы нөсер жауыннан жиналған су ағыны тоқтады. Қазіргі уақытта елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Эвакуацияланған тұрғындардың қараусыз қалған тұрғын үйлерін аудандық полиция бөлімі қызметкерлері тарапынан күзету жұмыстары ұйымдастырылды.
Оқиға орнында жергілікті әкімдік пен ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде.

(ақпарат Төлеби аудан әкімдігінің баспасөз хабарламасынан алынды)

 

Please follow and like us: