91
Түркістан ҚПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Онда жәбірленуші азамат түнгі сағат 00:00-де үйіне кіріп, таңғы сағат 07:00-дер шамасында шыққан уақытында үйінің алдында тұрған өзінің сақтандыру құжаты арқылы басқарып жүрген «Ваз-2107» маркалы РФ-ның есебінде тұратын автокөлігін белгісіз тұлға заңсыз басқарып кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 500 000 теңге. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.
Түркістан ҚПБ-ның КПБ қызметкерлері бұл іс бойынша жедел іздестіру шараларын бастап кетті. Оқиға орнын шолып шығып, куәгерлерден сұрастырды. Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында күдікті ретінде жергілікті тұрғын құрықталды. Ал, автокөлік өз иесіне табысталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.
Тергеу барысында анықталғандай жас жігіт көше бойымен келе жатып, жәбірленушінің үйінің алдында тұрған автокөлікті байқайды. Содан соң оны ұрлап кетпек болып есігін бұзып ашқан. Ішін іздеп көліктің кілтін тауып, заңсыз тізгіндеп, оқиға орнынан ізін суытқан. Арада бірнеше уақыт өткен соң автокөліктің түсін өзгертіп өзі басқарып жүрген. Сол сәтте полиция қызметкерлері байқап, оны ұстап, ТБ-не жеткізді.
Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне сақ болуды және көліктерін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ, мүмкіндігінше автокөліктерді күзетілетін тұраққа қойып, күзет дабылымен жабдықтау қажет. Автокөлік ұрланған жағдайда тез арада полицияға 102 телефоны арқылы хабарласыңыз.
Please follow and like us: