Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМедицина

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕЙДІ

55қаралым
🔷 Шымкент қаласы №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тірек-қимылы жүйесі бұзылған балалардың денсаулығында оң өзгерістер байқалады. Заманауи медициналық құрал-жабдықтар мен оңалту шараларының әсерінен мұнда қимыл-қозғалысы нашар балалардың денсаулығы жақсарған.
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев Шымкентке арнайы іссапары барысында осы орталықты аралап, ерекше балаларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік оңалту шараларымен танысты.
🔷 Орталықта 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Емдік шараларға «ROBACTIV» локомотив жүйесі, модульдік баспалдақтың «STEP» түрі мен басқа да заманауи медициналық құрал-жабдықтар қолдануда.
Орталықта қазір стационарлық жағдайда 124, жартылай стационарлық жағдайда 82 бала қызмет алып жатыр. Оның ішінде тұл жетім, тастанды және асыраушысынан айрылған 25 бала орталық қамқорлығында. Оларға 8 арнаулы әлеуметтік психологиялық қызмет түрлері көрсетіледі.
🔷 Сонымен қатар балаларды қоғамға бейімдеуге ерекше көңіл бөлінген. Медициналық бөлімде физиоемдеу, стоматология мен емдік кабинеттер қарастырылған. Дәрігерлердің тағайындауы бойынша науқастарды емдеу үшін физиотерапиялық бағытта қызметтер көрсетіледі.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: