Яндекс.Метрика
КөкейтестіҚоғамМәселе

Мұғалім неге жылады?

109қаралым

Жеңіс емес, АЗА тұту күні

9-мамыр жеңіс күні емес екенін 2016 жылы Польшадағы Ламбиновице қалашығының маңындағы орман ортасындағы «Сталаг-318» концлагерінің орнында еңіреп отырып түсінгенмін..

Бұл концлагерьде азап шеккен 200 мың кеңес жауынгерінің 42 мыңы осындағы бауырластар зиратында жатыр.
Сол шейіттердің рухына бағыштап дұға оқып отырып, көз жасымды тия алмадым..

 https://www.facebook.com/…/vb.1000026453…/2087729087991917/…

Бұл соғыстың қаншалықты қайғы-қасірет әкелгенін 2 ауылдың мысалынан өздеріңіз шамалай беріңіздер…
Мысалы, ОҚО Төлеби ауданы «Кеңесарық», «Оңтүстік» ауылдарынан Ұлы Отан соғысына бүгінгі қолдағы бар дерек бойынша 188 жігіт аттанса, соның 119-ы қаза тапты немесе хабарсыз кетті.
Ал, Қазақстанда осындай қаншама ауыл бар?!…

1942 ж. жаз айларында Украинаның Харьков қаласы үшін болған кескілескен шайқастарда Оңтүстік Қазақстан облысында жасақталған 102- АТҚЫШТАР ДИВИЗИЯСЫ жоғалып кетті.
Дивизияның құрамында 11373 жауынгер болған..

Соғысқа 1896 — 1925 жылы аралығында туған азаматтар жауынгер ретінде қатысты….
1923-24 жылы өмірге келген еркек сәбилердің 80 проценті сол соғыстан қайтпай қалды..
Қаза тапты немесе хабарсыз кетті..

Өмір Шыныбекұлы парақшасынан алынды.

Please follow and like us: