Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәселе

МОДЕРНИЗАЦИЯДАН КЕЙІН ЗАҒИПТАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАР САНЫ 33% ҒА АРТТЫ

64қаралым

Модернизация кітапсүйер қауымға мол мүмкіндік сыйлады десек болады. Конференция залында түрлі форматтағы көлемді іс шаралар ұйымдастырылса, қазақша нүктелі-бедерлі шрифт авторы Ақан Қасымов атындағы және тұңғыш бедерлі шрифт авторы Л.Брайль атындағы зал зағип жандардың кітап оқуына бейімделген.

Көзі көрмейтін және әлсіз көретін оқырмандар қажеттіліктеріне қарай өздеріне ұнаған қызықты тарихи, психологиялық, мотивациялық, әдеби кітаптары жиі сұраныста.
Кітаптарды SARA, Oрtelec деп аталатын арнайы зағиптарға арналған оқу машинкаларымен оқиды. Сонымен қатар бүкіл дүние жүзіндегі зағип азаматтар қолданатын Брайльша бедерлі нүктелі кітаптарды оқып және де дыбыстылған аудио форматтағы кітаптарды тыңдай алады.

Қазіргі таңда, арнайы кітапханадағы кітап қоры 140376 дананы құрайды. Негізгі кітап қоры бедерлі – нүктелі әріпті, жазық баспалы, дискіде, нашар көретіндерге арналған мәтіні үлкейтілген әріптер жазылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар, кіші қалыптағы мүсіндер, бедерлі – графиялық құралдар. Оның ішінде дәл осы кітапханада 2003 жылдан бері дыбысталып келе жатқан аудиокітаптар саны 5000-нан астам. кейін кітапхананың оқырман саны бұрыңғы оқырман санынан 33% ға артқан.

Please follow and like us: