Яндекс.Метрика
Заң және қоғамКөкейтестіҚоғамМәселе

«Митинг» туралы заңда қазақ тілінен 422 қате жібергені МАСҚАРА

85қаралым

Бұл туралы Азаттық рухы сайтында Абай Сейфулла жазыпты.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дайындаған митинг туралы Заң жобасының қазақ тіліндегі нұсқасында қате өріп жүргенін айтып, сынға алды.

«Қазақ тіліндегі мәтінде қате өте көп анықталды. Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында олар Сенат регламентінің 45-бабына сәйкес түзетілді. Заң жобаларын дайындауда тілдің тазалығы мен сапасына қатысты сындар аз айтылып жүрген жоқ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дайындаған осы Заңның бастапқы жобасына ғылыми-лингвистикалық талдау жүргізу барысында 422 қате анықталған. Бұған жай жағдай деп қарап, көңіл аудармай кетуге болмайды», — деді С.Еңсегенов.

Біздер сеніп отырған «сауатты» министрліктің хәлі осы болса болашақтағы заңдардың жағдайын бағамдау қиын емес.

Please follow and like us: