116
Шымкенте 8 наурыз мерекесі қарсаңында «Алтын», «Күміс» алқа иегерлеріне бір реттік төлем төленді, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ordainfo.kz» ақпараттық агенттігі.
Мерекелік қаржылай көмек көп балалы аналарға жыл сайын жергілікті мәслихаттың шешіміне сай беріліп келеді. 8 Наурыз мерекесі қарсаңында қарастырылған қаржылай көмекке биыл жергілікті бюджеттен 149 млн теңге бөлінген.
Қаладағы 10 мыңнан астам алты және одан көп баласы бар аналарға 14585(5 АЕК) теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленуде. Бұл жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.
Бір реттік төлемді алу үшін ешқандай құжат өткізудің қажеті жоқ. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мерекелік төлемді төлеуде зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректер базасындағы мәліметке сүйенеді.
Шымкент қаласында жылдан-жылға «Алтын» және «Күміс» алқа иелері саны артып отыр. Мұндай қаржылай төлем былтыр 9500 көпбалалы ананың дербес шотына түскен болатын.
Please follow and like us: