Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

МЕНШІК ИЕЛЕРІМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

89қаралым
Шымкент қаласының Полиция департаменті террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұдайы жүргізіп, олардың басшылары және меншік иелерімен түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүзеге асырады.
Жыл басынан бері ҚР Үкіметінің №191-2015 ж Қаулысы мен ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» №416-1999 ж. Заңының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан террористік тұрғыда осал 240 объекті тексерілді. Нәтижелері бойынша 10 нысан басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 8 845 150 теңге айыппұл салынды.
«Қазақстан Республикасында тексерулерге және алдын алу бойынша бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығының негізінде 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеру тоқтатылды.
ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуының бұзылуына жол бермеу мақсатында тексерілетін объектілердің басшысы, меншік иелерімен және күзет ұйымдарының өкілдерімен түсіндіру жұмысы өткізіліп, террористік қауіп туындаған жағдайда олардың іс-әрекеттері бойынша жадынамалар табыс етілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Please follow and like us: