Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДАН КЕЙІН ҮЛКЕН КӘСІПОРЫНҒА АЙНАЛҒАН

59қаралым
Шымкентте отбасылық бизнес мемлекеттік қолдаудан кейін үлкен кәсіпорынға айналған, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ordainfo.kz» ақпараттық агенттігі.
Шымкент қаласындағы «PHYTO — APIPHARM» ЖШС 2005 жылы кішігірім жанұялық бизнес ретінде құрылған. Дәрігер — фитотерапевт Андрей Коротков өзінің авторлық «Коротковтың бальзамдары» өнімін шығаруды бастаған.
2018 жылы Кәсіпкер «Даму» қоры «Аймақтық қаржыландыру «ONтүстік өнімдері» бағдарламасына қатысты. Бағдарлама шеңберінде екінші деңгейлі банктен 8,5 пайызбен несие рәсімдеп, өндіріс көлемі кеңейткен.
«PHYTO — APIPHARM» компаниясының барлық өнімдері — өсімдік және жануарлардан алынатын табиғи шикізат негізінде жасаланылады.
–Біздің өнімдер – білікті мамандардың арнайы рецептуралар бойынша әзірленген және барлық санитарлық — гигиеналық нормаларға сәйкес жоғары сапасын қамтамасыз етеді,- дейді кәсіпорын жетекшісі Андрей Коротков.
Кәсіпорында адам денсаулығын жақсартуға арналған бальзамдар, жүрек — қан тамырларына, еркек пен әйелдердің жыныстық ауруларына, сүйек ауруларына, өкпе — бауыр және т.б. адам ағзасына пайдалы дәрі — дәрмектер өндіріледі.
Please follow and like us: