Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

МЕМЛЕКЕТТЕН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛЫП БЕРЕМІН ДЕП ТҰРҒЫНДАРДЫ АЛДАҒАН ӘЙЕЛ АНЫҚТАЛДЫ

57қаралым

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғындар арызданды. Олардың айтуынша, танысы «кәсіп бастау үшін мемлекеттен берілетін 580 000 теңге жәрдемақы алып беремін» — деп әбден сеніміне кірген. Осылайша, бірінші жәбірленуші әйелден 70 000 теңге, екіншісінен 140 000 теңге, үшінші әйелден 70 000 теңге ақша алған. Алайда, 1 жылдан аса уақыт өтсе де, берген уәдесін орындамай, созбалаңдыққа салып жүрген. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 280 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары хабар алған бойда жедел іске кірісті. Олар қылмысты ашуға бағытталған қажетті жұмыстардың барлығын жүзеге асырды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде орта жастағы әйел анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті мен жәбірленушілер өздерінің ортақ таныстары арқылы танысқан. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыс полицейлері тұрғындарға алаяқтықтың алдын алу үшін кез-келген адамға сенім артпауға кеңес береді. Сондай-ақ күмәнді қызмет ұсынатындардан бойыңызды аулақ ұстауды ескертеді.

Please follow and like us: