58
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Семей орманы» табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты.
– Көңіл айтуға арнайы келіп отырмын. Бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет. Еліміздің қайғысы. Бекем болыңыздар. Орны толмас қайғы екенін түсінемін. Сіздерге жан-жақты көмек көрсету жөнінде Үкіметке тапсырма бердім. Үкіметке немесе маған жеке өтініштеріңіз болса, айтыңыздар. Барлық өтінішті орындаймыз. Қаза тапқан азаматтар қайтып келмейді. Бірақ өмір жалғасады. Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз, – деді Мемлекет басшысы.
***
Глава государства выразил соболезнования семьям погибших работников лесничества
Президент Касым-Жомарт Токаев выразил соболезнования родным и близким работников лесного хозяйства, погибших в результате масштабного пожара в природном резервате «Семей орманы».
– Я специально приехал, чтобы выразить вам свои соболезнования. Это большая трагедия для всего нашего народа. Будьте сильными в этот тяжелый момент. Разделяю вашу горечь утраты. Я поручил Правительству оказать вам всемерную поддержку, будь это финансовая или какая-либо другая помощь. Если есть обращения к Правительству и лично ко мне, говорите, высказывайте свои просьбы, обращения. Все они, естественно, мы удовлетворим. Конечно, к сожалению, погибших не вернуть, но жизнь продолжается. Но одно я хочу сказать точно, те, кто виноват в этой трагедии будут привлечены к ответственности в соответствии с законодательством. Этот понедельник я объявляю Днем общенационального траура. Мы будем скорбить вместе с вами, вспоминать имена погибших. Я прошу вас крепиться и сохранять спокойствие. Соответствующие меры будут приниматься по всем направлениям, будь это правоохранительные органы или министерства. Сейчас я проведу совещание, и мы безусловно извлечем из этого опыт, – сказал Глава государства.
Please follow and like us: