Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Мас халде көлік тізгіндеген жүргізуші 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

1.8kқаралым

Полицейлер жол-көлік оқиғасының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтауға бағытталған рейдтік-профилактикалық жұмыстарды тұрақты жүргізіп отырады.
Мәселен Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Шұбарсу ауылы көшелерінің бірінде «ВАЗ-21099» маркалы көлік жүргізушісін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатты. Полицейлер құжаттарын тексеру кезінде, жүргізушінің масаң күйде екендігін аңғарады.
Бұл жайттың анық-қанығына жету үшін оған медициналық сараптама тағайындап, нәтижесі бойынша жүргізушінің алкагольдік ішімдік қолданғаны белгілі болады. Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша іс құжаттар жинақтап, заңды шешім шығару үшін аудандық сотқа жолдады.
Аудандық соттың қаулысымен жүргізуші ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Please follow and like us: