Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

МАҚТААРАЛДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

77қаралым

Мақтаарал ауданында бос жұмыс орындарының жылжымалы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Шараның мақсаты- топан судан зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына арналып Мырзакент кентінің шығыс жақ бетінде салынып жатқан жаңа шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысына қажетті жұмысшыларды тарту. Дәл қазіргі таңда аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары 2 кент және 9 ауылдық округті аралап,тұрғындарға бос жұмыс орындарын ұсынуда. Жылжымалы жәрмеңке барысында 32 мердігер мекемеге қажетті әр түрлі қызмет түрі ұсынылуда. Айта кетейік, жұмысшыларға жалақы келісім түрінде төленетін болады. Мәселен, қабырға өрудің бір шаршы метрі 7 мың теңге, шатыр жабу 1.5- 2 мың теңге арасында, сеймобелдеу құюдың шаршы метрі 1.5 мың теңге шамасында төленетін болады. «Жылжымалы жәрмеңке алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады» дейді Мақтаарал аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Жақсыбек Тоқбергенов.

Please follow and like us: