ҚР Журналистер одағының Шымкент қалалық филиал басшысы Уали Қыдыр бастаған журналистер топан су басқан Мақтаарал ауданында болып зардап көрген тұрғындармен тілдесіп қайтты. Ең бастысы еліміздің тыныштығы мен халқымның амандығы. Қалам ұстаған бір топ тілшілер Жеңіс ауылының тұрғындары орналасқан Мақтаарал мектеп гимназиясына табан тіреді. Барғанда көз қуантарлық болғаны халықтың сабырлығы, көздеріндегі өмірге деген құлшынысты көріп шүкіршілік еткені.
-Бұдан да қиын кезеңді бастан кешірген елміз, тек жұдырықтай жұмылсақ бәрін жеңеміз. Еліме рақмет. Халқыма рақмет. Тәуба, су басқан күні ақ қолдарынан келгенді жасап, үйлерінде барын тасып жұбатып отырған халқыма мың алғыс деді.
Мектеп ауласында шүйіркелескен тұрғындар, бір үйдің баласындай асыр салып ойнаған бүлдіршіндер ештеңе болмағандай зардапты да ұмытқандай. Журналистер мектеп басшысының қашықтан оқытуда кішкене мәселе болғанын тілге тиек еткен болатын. Балдардың сабағына қажетті деп теледидар берді,балдарға демеуші кәсіпкер -меценат Бәйтен Әшірбаев беріп жіберген 5000 дана балмұздақты таратты. Балдардың жүздеріндегі күлкі мен алаңсыз бақытты балалықтың куәсі болдық.
.
Еске сала кетейік, Өзбекстанның Сардоба су қоймасын бұзып аққан су Мақтаарал ауданының 5 ауылындағы 1033 үйді басып қалды. Оның 989 тұруға жарамсыз болып қалған. Атап айтқанда Жеңіс, Өргебас, Достық, Жаңатұрмыс және Фердауси ауылдары су астында қалды. Аудандағы 7639 гектар егіндікті су басты.
Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының ұйытқы болуымен көпбалалы отбасыдан шыққан 152 оқушысы «Сарыағаш» емдік сауықтыру шипажайына демалысқа аттанды. Олар сонда 14 күн дем алып, сабағын оқиды. Қосымша 47 қария «Біркөлік» сауықтыру орталығына демалысқа жіберілген.
Содан кейін қоймаға барып жиналған қорды көріп, журналистер апарған киім кешектерін табыстап қайтты. Көпбалалы аналарға жиналған қаражатты үлестірген соң Мырзакент қалашығында бой көтеріп жатқан 500 үйдің құрылысын жүргізіп жүрген құрылысшыларға барды.
Журналистер қолдарына күрек ұстап құрылысшы болып та көрді. Күннің аптап ыстығында құрылысшыларға да оңай тимейтінін сезген тілшілер штабқа ат басын бұрды. Қарбалас тірліктерін көріп тұрып әріптестерімізге сабырлық тіледік. Халыққа шынайы ақпарат жеткізу оңай шаруа емес. Әрине, ол біреуге жағады, кейбіріне жақпайды. Барлығына жағу мүмкін емес. Біздің басты мақсатымыз топан судан зардап шеккен халықпен бірге екенімізді сезіндіру ғана. Біздер халыққа ақпаратты дер кезінде жеткізіп, айтар алғыстары мен қандай да бір шағым, өтініштері болса оны билік өкілдеріне де жеткізу басты міндетіміз. Қалай десек те, халық өз алғыстарын айтты, біз жеткіздік. Журналистер тек ақпаратпен сусындатып қана қоймай, халықпен бірге екенін де жеткізді. Қасиетті рамазан айында жақсылық жасауға асыққан әрбірімізге сауаптан жазсын.
Қайтар жолда Өргебас ауылына барғанда онда кіргізуге тиым салынған екен.
Әсет Әссанди Талғат Балтабаев Анара Сулеева Тұтқабай Фазылбек Бактияр Тайжан Төребек Байтасов Уали Кыдыров Базаркүл Қалбыр Dauren Abdramanov Ғалымжан Зиябек Балтабек Түйетаев Ерсултан Амирбек Куаныш Ботабек