Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарКөкейтестіҚоғам

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӨРГЕБАС АУЫЛЫНДА АЛҒАШҚЫ ҮЙДІҢ ҚАБЫРҒАСЫ ҚАЛАНЫП, ҮШ ҮЙДІҢ ІРГЕТАСЫ ҚҰЙЫЛУДА

70қаралым

Мақтаарал ауданындағы топан су басқан Жаңажол ауыл округіне қарасты Өргебас ауылында алғашқы бір үйдің қабырғасы қаланып, үш баспананың іргетасын құю жұмыстары басталды. Осындағы жұмыстарға үйлестіруші боп бекітілген Аязхан Қалыбеков ауыл округінің әкімі Молдабек Битеміровтің айтуынша, жалпы Өргебас ауылында 189 үй бар. Соның бүгінде 138-інің иесіне үкімет тарапынан 17 млн. теңгенің 50 пайызы яғни, 8,5 млн. теңгесі толық аударылған. Дәл қазіргі уақытта мұнда 162 үйді бұзу және 45 баспананың іргетасын құю жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Ал бір үйдің қабырға көтеру жұмыстары басталып кетіпті. Өргебас ауылынан өз үйінің құрылысын алғаш боп бастағандардың бірі – Камал Сапаров. Бүгінде ол үйінің қабырғасын жартылай көтеріп үлгерген.


«Үкіметімізге рақмет, уәде еткен 17 млн. теңгенің 8,5 млн. теңгесін берді. Сол қаржыға құрылыс материалдарын сатып алып, жұмыстарды бастап жібердік. Барлық қажетті көмектер беріліп жатыр. Тек енді бізге құрылысшылар қажеттілігі туындауда. Ақшасын келісіп, жұмыс ұсына аламыз. Үй салушылар жергілікті өзіміздің ауданнан болса, тіпті жақсы болар еді», – дейді Камал Сапаров.
Бұдан бөлек, мұнда ауылды күл-қоқыстан тазарту, үй бұзу, аула тазалау жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Аталған тірліктерге 175 адам мен 6 арнайы техника тартылған.

Please follow and like us: