Яндекс.Метрика
Мәселе

«Крышасы» мықтылар заңға бағынбай қашанғы жүрмек?

94қаралым

ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы!
Төменде жеке кәсіпкер ретінде несиеге қаражат алып керекті құрал жабдықтар алуға Кенгербаев деген «крышасы» мықты біреумен арада келісім шарт түзіп 25 млн (2 жылдық өсіммен) нақты төленгені түбіртекте тұр) төленді. Бірақ, крышасы мықтылығына сенгені сонша төленген ақшаларды жоққа санамақ болып сотқа шағым келтірді. Түбіртектер түпнұсқа (оригинал) болған соң келісім шартты күшінде қалдырды. Енді мынау таза алаяқтық емес пе? Келісім шартты пайдалану ғана о баста ойлап, міндеттелген шартты орындамай заңға бағынбай жүруі соттарда сыбайласының барын білдірмей ма?
4 жылдан бері талапты орындамай бұлтарып жүрген «типа кәсіпкерге» заң неге қауқарсыз? Еліміздің басшысы ретінде араша сұраймын. Елімізде шешілмеген жағдайда БҰҰ нан көмек сұрап, Қазақстанның заңдарының қаншалықты әлсіз екенін көрсетуге мәжбүрмін.

«Крышасы» мықтылар заңға бағынбай қашанғы жүрмек?

Құрметті де қадірлі Жақып Қажыманұлы.!
Әлемжеліде керемет жұмыстар атқарып жатқаныңызды оқып марқайып қаламын.Әйтеуір, әділетті басшы келді ау?Халықтың соттарға деген жоғалған сенімдерін қайтаруға қызмет атқаратын болды деп қуанғанның бірі өзім едім?Себебі, Бас прокурор қызметте болған кезіңізде талай заңды шешім қабылдап, қызметкерлеріңіз «қаһарына»ұшырамасақ болар еді деп әрең дем алатынын жұмысты жүйеге қойғаныңызды жарыса жазған да едім. Бәлкім,жоғарғы сотта да сізге жетпей жатқан талай заңсыздықтар бар шығар?Бәлкім, атыңызды жамылып істі бұрмалайтындар да бар шығар? Алайда, заң ханға да, қараға да бірдей дейтін сіздің тұмсығыңыздың астында мына заңсыздықты айтпасам болмас.
Алматы қаласында Кенгербаевтар деген»мықты» кәсіпкер бар.Мықтылығы сонша млн дап ақшаны төлетіп алады да жылдап жүріп келісім шартты орындамай жағанды жалпағынан беймарал басып жүре береді.Оған заң да басқа да жүрмейтін сыңайлы. Арыздансақ жылдар болды нүктесін қоя алмай соттарымыз «әуреленуде».Әйтеуір бітпейтін сылтау.
Бірінде госпошлин дұрыс төленбеді деген сылтаумен кері қайтарады.Енді бірінде қалалық қарайды деп экономикалық соттар қалалыққа жолдайды.Қалалыққа шағым жазсаң аудандыққа дейді,ауданға барсаң неге бізге бұл экономикалық соттың қарайтыны деп кері қайтарады…
Бітпейтін не деген» домалау»? Шегі бола ма? Егер Кенгербаевтармен сыбайласып қойса ашық айтпайма? Қайда барсаң да қорқыттың көрі дегендей заңды белшесінен баса беретіндей бұларға заң жүрмей ма? Заңды талабымыз қаралмаса,орындалмаса, назарға алынбаса бізге соттар неге керек?
Әділдіктің туын көтеретін, жүні жығылған халыққа әділетті шешім шығарады деген заң шеңберінде істерді қарай алмаса судьяларды қысқартып, нақты жұмыс жасайтын соттарды іріктеу керек шығар?
Астына жазылатын жауаптарын жаттадық та..
Егер төленген 25 млн қаражатымды Қазақстан заңымен ала алмасам шет елдердің заңгерлеріне жүгінейік? БҰҰ на жүгініп араша сұрап алақан жаю ғана қалды? Мен үкіметтен несие алып төлегенмін қаражатты.Енді үкімет Кенгербаевтың «крышасының» мықтылығына қарамайды,маған төлетеді ақшаны.(төлеп жүрмін қарызданып қауғаланып).

Алматы қаласы соты, Медеу аудандық соты мен экономикалық соттар істі бір біріне «допша» лақтырып отыруы сыбайластықпен байланысып қалған ба? Нақты фактларды тікелей эфирде хабарлаймын.
Төленген төлемнің түбіртектері тұрса да істі қарап нүктесін қоюға не кедергі?
Соңғы үмітімді сөндірмейді деген сеніммен Нурхан Бугибаев.

Please follow and like us: