Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРУДА

63қаралым

Шымкент қаласы Қаратау ауданында биыл 39 көпқабатты үйдің қасбеті ретке келтірілуде. Бұл жұмыстарға сол үйлердің тұрғындарынан қаржы жұмсалмайды, бюджеттен де қаражат қаралмаған. Үйлердің қасбетін әрлеу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Асар шағынауданында 2017 жылы пайдалануға берілген 30 көпқабатты үйде сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 12 бригада жұмыс істесе, әр бригадада 8 құрылысшыдан тұрады. Үйлерді қаптауға өте сапалы «сайдинг» материалы қолданылып жатыр.

– Асар аумағы бойынша жалпы саны 30 көпқабатты үйде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 18 үйдің құрылысы толық бітіп, 12 үйдің құрылысы 1 ай ішінде аяқталады. Көпқабатты үйлердің құрылысына 500 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалуда. Құрылысқа кеткен шығынның барлығын ЖШС «Ақ Ордасы» Корпорациясы» көтеріп жатыр, -дейді аудан әкімі.

Сонымен қатар, ол «Нұрсәт» шағынауданындағы №18,19,20 көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары «Бесқұдық Тас» және «Арт Құрылыс» ЖШС тарапынан жүргізілсе, Ақжайық шағынауданы «Тұлпар» тұрғын үй кешенінде орналасқан 6 тұрғын үйдің қасбетін «Эристайл-Қазақстан» ЖШС-і жүргізіп келеді.

 

 

Please follow and like us: