Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

КӨКБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

67қаралым

Шымкент қаласында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына сәйкес шалғай орналасқан елдімекендерге интернет тарту мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Бұл тұрғыда қалалық цифрландыру басқармасымен байланыс сапасын арттыру үшін талдау жұмыстары жүргізіліп, мобильді интернеттің жылдамдығы төмен 11 шағынаудан мен тұрғын алаптар анықталды. Олардың қатарында «Көкбұлақ» тұрғын алабы да бар.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Көкбұлақ» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу барысында интернет мәселесінің жыл соңына дейін шешілетінін айтқан болатын.

«Жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жалпы қала бойынша күрделі мәселе. Тұрғын алапта өзіміздің қаражатпен мердігер мекеме арқылы байланыс операторы базалық станциясын орнаттық. Енді бірқатар құрылғыларын шетелден алып келу керек. Сол мәселе біраз қиындық тудыруда. Соны алып келгеннен кейін мәселе шешіледі. Сабыр етіңіздер» — деген қала әкімі.

Осыған орай, аталған тұрғын алапта мобильді операторлардың WCDMA(3G) және LTE (4G) технологиялар арқылы жұмыс жасайтын базалық станцияларын орнату үшін арнайы антенналар қойылды.

Бүгінгі таңда сапалы интернетпен қамтуға қажетті құрылғының барлығы алынып, монтаждау жұмыстары басталды. Апта соңына дейін тұрғындарды интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

 

Please follow and like us: