Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Келестік полицейлер тұрғынның жоғалған 57 бас қойын тауып берді

1kқаралым

Келес аудандық полиция бөліміне Бозай ауылының тұрғыны шағымданып, жайылымда жүрген 57 бас қойын таппай қалғандығын хабарлаған. Құны 3 миллион теңге тұратын ұсақ малдарын өзі іздеп таба алмаған тұрғын, келесі күні полицейлерден көмек сұраған.
Полиция қызметкерлері аталған хабарлама бойынша жедел іздеуге кірісті. Тәртіп сақшыларымен жедел-іздестіру кезінде, куәлардан жауап алынып, жақын аумақтар мұқият қаралды. Егістік алқаптары, тау-тас, қыр толық тексерілді. Жол талғамайтын 2 бірдей қызметтік көлікпен жан-жақты шарлап шықты. Нәтижесінде ұсақ малдар 40 шақырым қашықтықтағы көрші Сарыағаш ауданына қарасты Әлімтау ауылының жайылымынан табылды. Белгілі болғандай, қойлар қараусыз қалып, бірнеше қыр асып, адасып кеткен.
Жоғалған малдардың егесі өз сөзінде: «Қойларымды бағып жүріп, түскі уақытта тамақтануға 1 сағатқа кетіп едім. Келсем қойларым жоқ, таппай қалдым. Полицейлерге, мың алғыс! Жоғалған қойларымды аз уақыттың ішінде тауып берді. Негізі бірінші өзім іздеп шығып едім, ештеңе шықпады. Полицейлердің кәсіби шеберлігі арқасында тауып отырмыз. Келестік тәртіп сақшыларына рақметімді айтамын!»-деп, шынайы ризашылығын білдірді.

Please follow and like us: