52
Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы мен Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы бірлесе отырып, Катар мемлекетінің астанасы Доха қаласында арнайы таныстырылым шарасын өткізді. Әлемнің ең бай елдерінің бірі — Катардың туроператорлары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысқан шараға қызығушылық танытқан инвесторлар да бой көрсетті. Шараның негізгі мақсаттарының бірі — өңірдің негізгі турагенттері және туроператорларымен b2b кездесулер өткізіп, байланыс орнату, елімізді танытып, туристер тарту. Айта кетейік, осыған дейін әлемнің түкпір-түкпірінен туризм және авиация саласындағы түрлі ірі компаниялары қатысқан роуд-шоу Сауд Арабиясында да өткен болатын. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: