Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

КАРАНТИН РЕЖИМІНЕ САЙ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

117қаралым

Елбасымыз атап көрсеткендей азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақтастығы тетігін енгізуді ескере отырып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамыту қолға алынған. Атап айтқанда, бастапқы медициналық санитарлық көмек деңгейінде атқарылып жатқан іс-шаралар, соның ішінде скринингтік және профилактикалық тексерулер өз жемісін беруде. Жасыратыны жоқ, тек қана онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтап қоймай, басқа да ісік алды аурулармен созылмалы ауруларды анықтап, емдеп, сауықтыруда оң нәтиже көрсетуде.

Шымент қаласы бойынша 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың жол картасы бойынша іс шаралар іске асырылуда.Алға қойған мақсат онкологиялық қызметті жақсарта отырып, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау және олардың ұзақ өмір сүруін арттыру. Осы жылдың 6 айында атқарылған индикаторлардың орындалу барысы туралы айтсақ, бірінші индикатор онкологиялық ауруларды ерте кезеңде, яғни I cатысында анықтау бойынша көрсеткіш 16,0 пайыз болса, көрсеткіш жоспардың 0,5 пайызға артқаны байқалады.

Екінші индикатор 5 жыл және одан артық өмір сүру жоспары бойынша 47 пайыз болса, 47,1 пайызға жоғарылаған.

Үшінші индикатор сырт көріністі III-IV сатысындағылар жоспар бойынша 16,6 пайыз болса, бұл көрсеткіш 13,6 пайызға төмендеген.

Төртінші индикатор жатыр мойны обырымен цитологиялық скринингтік тексеру барысында қатерлі ісік алды аурулардың анықталуы бойынша жоспар 0,94 пайыз болса, анықталғаны 1,0 пайыз болған.

Бесінші индикатор колоректальды қатерлі ісікке скринингтік тексеру барысында бұл аурулардың анықталуы бойынша жоспар 19,4 пайыз болса, анықталғаны 22,4 пайыз болған.

Барлық онкологиялық индикаторлар 100 пайызға орындалды.

Орталықта 6400-ден астам онкологиялық науқастар «Д» есепте тұрса, 2020 жылдың 6 айында 600 науқас өмірінде алғаш рет есепке алынды.

Қазір, ауруханада 135 науқас арнайы ем қабылдап жатыр. Қажетті дәрі- дәрмектер жеткілікті. Орталық 2020 жылдың 16 наурызынан бастап карантиндік режимде жұмыс істеуде.

 

Please follow and like us: