Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ҚУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРАТЫН АРНАЙЫ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

54қаралым
 Шымкент қаласында қазір тәулігіне қуаттылығы 150 мың текше метр қалалық тазарту имараты жұмыс істеп тұр. Көктем мен күз айларында кәріз тазарту имараттына тәулігіне 160-170 мың текше метр қар мен жаңбырдан қалған ағынды сулар келіп қосылады.
🔷 Тазарту имаратына ауырлық түсіріп тұрған факторлардың тағы бірі — бұл тұтынушылар санының өсуі. Сонымен қатар бас жоспарға сәйкес қаланың солтүстік бөлігінде көпқабатты үйлердің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр.
Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес мегаполистің кәріз жүйесіндегі су бұру мәселесі 2025 жылға дейін шешімін табуы тиіс. Қазіргі уақатта «Шым Сити» және Тұран шағын ауданында тұрғындардың жалпы саны сексен мыңды құрайды.
2023 жылы бюджет есебінен салынған кәріз желілеріне Самал-1, Самал-2, Солтүстік-Батыс, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Оңтүстік шағын ауданы, Қаратөбе тұрғын алабынан барлығы 41 мың жеке үйлер қосылады. Бұл елді мекендерде кәріз жүйесіне қосылатын тұрғындар 264 мыңнан асады.
🔷 Осыған орай Еуропалық Даму және қайта құру Банкінің «Жасыл қала» бағдарламасы аясында кәріз тазарту имаратының қуаттылығын тәулігіне 50 мың м3 қосымша кеңейту мақсатында арнайы жоба мақұлданды. Осы мәселені шешу үшін мемлекеттік сараптамадан өткен жобалы-сметалық құжаттама әзірленді.
Шымкент қаласы әкімдігінде 2022 жылдың қыркүйек айында келісімшартқа қол қойылды. Жобаның құны – 3,5 млрд. теңгені құрайды. Жобаны ЕҚҚДБ қаржыландырады, қолдау қаражаттары 1,75 млрд. теңге мөлшерінде, ал мемлекеттік қолдау 1,75 млрд. теңге.
Кешенді жаңа технологиялық нысанның құрылысы екі жыл қатарынан жүргізіледі.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: