67
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің ұйымдастыруымен дәстүрлі көшет отырғызу науқаны басталды. Бүгін зауыттың санитарлық аумағына «Жасыл белдеу» мекемесімен бірлесіп 1100 түп көшет отырғызылды.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, біздің ұйым дәстүрлі түрде көгалдандыру жұмысын қолға алып отыр. Бүгінде өндіріс орындарына табиғатты қорғау мақсатында жыл сайын 500 түп ағаш отырғызу міндеті жүктелген. Біз осы тапсырманы ұйымның игі шарасына айналдырып, дәстүрлі түрде жүзеге асырып келеміз. Бүгін зауыттың санитарлық қорғау аймағына 500 түп көшет отырғызылды. Сондай-ақ, ертең таяу маңдағы Бадам-2 және Жұлдыз елді мекендерінде отырғызу үшін 600 түп ағаш көшеті берілді. Оған аймақты жерсінетін және оттегін көп бөлетін талшын мен қара ағаш көшеттері таңдалды. Былтыр жеміс ағаштарына басымдық берілген болатын, — дейді «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Табиғатты қорғау бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Н.Жолдасбекова.
Мекеме 2021 жылдан бастап көшет отырғызу ісін дәстүрге айналдырған. Екі жылда мекеме Шымкенттің жасыл белдеуі бойына 5500 түп, ал зауытттың санитарлық қорғау аймағына 2500 түп көшет отырғызған.
Ал, 1000 түбі жақын маңдағы елді мекендерге берілген.
Айта кетейік, мекеменің 2023-2026 жылдарға арналған Табиғатты қорғау мақсатындағы іс-шара жоспарына сәйкес әр жылға атқаратын жұмыс көлемі бекітілген.
«Шымкент келбеті»
Please follow and like us: