Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ДЕ ҚАРАП ҚАЛМАДЫ.

62қаралым

Созақ ауданындағы кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер және бірқатар кәсіпкерлер Мақтаралға алғашқы көмектерін жеткізді. Өздері нәзікжанды әйел болса  еліміздегі төтенше жағдайға бейқам қарап отыра алмады. Қолдарынан келгенше ауылдың кәсіпкерлерінің басын біріктіріп, қолдан келген көмектерін беруде ауызбіршіліктерін көрсетіп, суға кеткен ауылдағы ағайындарға керек заттарды апарды. Еліміздің бірлігі мен ынтымағын, ауызбіршілік пен берекелі ел екенін көрсетуде ешкім де қалыс қалып жатқан жоқ.  Міне, біз осындай елміз. Бірлігі жарасқан, басына іс түскенде дұшпанға да қолын созатын, бір шатырдың астында бір нанды бөліп жейтін елміз.

Біз біргеміз.

 

Please follow and like us: