Шымкент қаласында елорда күніне орай онлайн режимде конференция өтті.
Конференцияда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры С.Бейсенбаев және ОҚМПУ-ның «Рухани жаңғыру орталығының» басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаев өзінің тұшымды ойымен бөлісіп, бас қаланың архитектуралық ерекшеліктерін атап өтті.
Сонымен қатар, жастар өкілдері атынан сөз алған «ШАҢЫРАҚ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры С. Байзахова елорда болашақтың, жастардың қаласы ретінде елдігіміздің тұғыры болып келе жатқанына назар аударды.
Сонымен қатар конференция барысында арнайы баяндама оқылып, Ел тірегі болған елорда жайында өз ойларын білдіріп, мерекенің мән-маңызына тоқталды.
Ия, аз ғана уақыт ішінде жаңа астана Отанымыздың жүрегі, халқымыздың мақтанышы, рухани өрлеуіміз бен экономикалық дамуымыздың қозғаушы күшіне айналған бүгінгі астанамыз барлық қазақстандықтардың ортақ жемісі.
Айта кетейік, Шымкент қаласы жастар орталығы «Ел — тірегі елорда» тақырыбында мерекелік апталық ұйымдастырды. Апталық аясында түрлі іс-шаралар қашықтан өтуде.