70
Сәрсен Пернебеков, №3 қалалық аурухананың бас дәрігері, Шымкент қаласы:
Елімізге және дүниежүзіне зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік.
Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан медицина қауымдастыгы жұдырықтай жұмылып қызмет атқаруда. Күрес әлі жалғасуда. Қазіргі таңда ахуалдың тұрақтануы босаңсуға себеп болмауы тиіс. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияның аяқталуына кем дегенде 1-2 жыл қажет болады. Осыған байланысты еліміздің әрбір азаматы өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.№3 қалалық ауруханасы ұжымы да басқа медициналық мекемелермен бірлесіп коронавирусты инфекцияға қарсы үлкен жұмыс атқаруда.
Егер сіз өзіңізде немесе туыстарыңызда вирустық инфекцияның белгілері — дене қызуы, әлсіздік, ентігу, иіс не дәм сезбеу құрғақ жөтел, бастың ауруы және т.б. белгілерді байқасаңыз, дереу тез арада дәрігерге хабарласып медициналық көмекке жүгінуіңіз қажет. Өз-өзіңізді емдеумен шұғылданбаңыз.
Коронавирус ауа-тамшы жолдарымен жұғады. Осы дертті жұқтырып алмау үшін:
• қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
• қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
• көп адам шоғырланған орындарға бармау ;
• Әлеуметтік арақашықтықты сақтау;
• Эпидемиологиялық қолайсыз елдерге жататын: Түркия, Латын Америкасы, Үндістан және т.б. елдерге баруды уақытша тоқтату.
«Ауырғаннан ауырмаудың жолын ізде» демекші, аурудан сақтанудың бірден-бір жолы — ВАКЦИНАЦИЯ. Бүкіл дүние жүзінің және Қазақстанның ғалымдары індетпен күресу үшін халықтың денсаулығын сақтау жолында вакцина шығарды. Вакцина салдыру арқылы біз өзімізді , туыстарымызды, отбасыларымыздың өмірін сақтап қалуымыз қажет. Өйткені коронавирус инфекциясын тасымалдайтын да, жұқтыратын да адам. Былтырдың сабағы бүгінгі күннің ең дұрыс шешімі – вакцинаны салдырып, қалыпты өмірге оралу. Қазіргі таңда қаланың барлық емханаларында коронавирус инфекцияға қарсы екпе (вакцина ) жүргізілуде, таңертеңнен түнгі сағат 24:00-ге дейін демалыссыз.
Құрметті қала тұрғындары, сіздерді коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырамын.
Please follow and like us: