72
@ikomek109.shymkent орталығында Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына екі маман психологиялық көмек көрсетіп келеді. Сонымен қатар психологтар орталық мамандарымен сергіту сәтін өткізіп, жұмыс кезінде ашуға бой бермеу туралы кеңестер береді, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ordainfo.kz» ақпараттық агенттігі.
Орталықтың 109 нөміріне писхологиялық көмекке зәру тұрғындар да хабарласады. Оларды психологтар 20 – 50 минут уақыт аралығында сөйлесіп, қажетті көмектерін береді. Соның мысалы ретінде, нәрестесін балалар үйіне өткізем деп хабарласқан тұрғынға, сондай-ақ өзіне қол жұмсаймын деген тұрғындарға қол ұшын созып, өмірлерін аман алып қалды.
Нәтижелі жұмыстың арқасында қаншама тұрғын алғыс білдіріп, жылы лебіздерін жеткізуде.
Құрметті қала тұрғындары, сізге психологиялық көмек қажет болса, 109 нөміріне хабарласыңыз!
Байланысу тәсілдері:
1. Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне қоңырау шалу;
2. WhatsApp +7 7777 109 109 мессенджерінде хабарлама жіберу;
3. Instagram @ikomek109.shymkent парақшасында жекеге жазу арқылы;
4. Facebook IKomek Shymkent парақшасында жекеге жазу арқылы;
5. Телеграм-бот @shymkentonlinekz_bot арқылы арыз-шағымды жіберу.
Please follow and like us: