«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 50 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАСЫНДА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ОРНАТЫЛЫП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
73
Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үй 543 аулаға біріктірілген.
2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшалары орнатылып, тұрғындарға пайдалануға берілді.
2023 жылы 39 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған. Нәтижесінде аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары 100% ойын алаңшаларымен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, өткен жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 9 спорт алаңшасы орнатылса, тағы 9 спорт алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.
2023 жылы 2 спорт алаңшасын орнатып, қамту көрсеикішін 100%-ға жеткізу жоспарланған.
Please follow and like us: