25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында, Шымкент қаласы, «18» шағын аудандағы №21 және 25 көпқабатты үй аулаларында 2 кешенді балалар ойын алаңшасы тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
Ашылу салтанатына үй тұрғындары, Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Жайшибеков, «Amanat» партиясы Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Г.Жартыбекова және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Тұрғындардың ұсынысымен 2021 жылдан бастап абаттандыру, ойын алаңшаларын салу жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылып келеді.
Ауданда биылғы жылы жоба аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артып, 73 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 6 – кешенді балалар ойын алаңшаларын құру жоспарланған. Оның ішінде І-кезең бойынша 52 көпқабатты үй ауласы абаттандырылып, жеке секторда 6-балалар ойын алаңшасы құрылды. Қазіргі уақытта ІІ-кезең бойынша 21 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын құру жұмыстары жүргізілуде.
«18» шағын ауданда да орналасқан 56 көпқабатты үйдің аулалары 2011-2013жж. кезең-кезеңмен толық абаттандырылған болатын. Алайда уақыт өте келе, бірқатар балалар ойын алаңдарының тозығы жеткен. Шағын ауданда 2020 жылдан бастап алаңқайлар жаңартылып, заманауи ойын алаңдары құрыла бастады.
Нәтижесінде 2020 жылы 10 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылса, 2021 жылы тұрғындардың ұсыныстары бойынша 5 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшалары құрылды, ал ағымдағы 16 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылуда, одан бөлек 3 ашық спорт алаңшасы қайта құрылды.
Қалған 25 көпқабатты үйдің ауласын 2025 жылға дейін қайта жаңғыртып, заманауи балалар ойын алаңшаларын құру жоспарда бар.
180
Please follow and like us: