Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәселе

ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ: ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫНДА 40-ҚА ЖУЫҚ АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

71қаралым

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің Әл Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Аудан құрамына 10 елдімекен қосылғандықтан, көпқабатты тұрғын үй саны бүгінде 926-ға жеткен. Қала әкімінің 2020-2023 жылдарға бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес 262 аула көріктендіріліп, 40 спорт алаңшасы салынды. Биылғы жоспарға сәйкес 39 аула мен 2 спорт алаңшасы абаттандырылады. Алдағы жылы 41 балалар ойын алаңшасының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аудан бойынша көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру 2025 жылы толық аяқталады.

Бүгінде 230 мыңнан аса халқы бар аудан ауыз су және электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Қазір Сәуле шағын ауданындағы №276 орамда газ құбырлары жүргізілуде. Биыл газдандыру құрылысы толық аяқталып, ауданда табиғи газ мәселесі түбегейлі шешіледі.

Аудан аумағында су басу қаупі бар 42 орын анықталған. Қазір 5 көшені ирригациялық жүйлеремен қамту үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Қалған қауіпті аумақтарға қатысты жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.

М. Дүйсенбекұлы тұрғындар тарапынан түскен барлық сұрақтардың назарға алынатынын жеткізіп, аудан әкіміне, сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Халық пікірін ескере отырып, шұғыл шаралар қабылдауды ескертті.

Please follow and like us: