Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ГАЗОСИГНАЛИЗАТОР ҚҰРЫЛҒЫСЫ ДЕМЕУШІЛЕР ЕСЕБІНЕН ОРНАТЫЛУДА

82қаралым

Шымкентте жеке сектордағы тұрғын үйлерде улы газдан уланудың алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» акциясы өтуде.

Әл-Фараби ауданының әкімі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысымен бірлесе «Химфарм» шағынауданының тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жауапты мамандар жыл басынан бері әлеуметтік жағдайы төмен 250-ден астам отбасыға «Газосигнализатор» құрылғысын орнатып берді. Дабыл қаққыш құрылғы улы газдан уланудың алдын алуда таптырмайтын құрал.

Улы газдың көлемі артса, бірден дабыл береді.
Аталған акция тамыз айының 15-нен бастап, қыркүйектің 15-не дейін жүргізіледі. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мамандары әр үйге кіріп, тұрғындарға өрттің алдын алу шараларын таныстыруда.
Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, биыл аудан аумағында («Химфарм», «Сәуле» шағынауданы) 700-ге жуық отбасыға демеушілер есебінен аталған құрылғы орнатылмақ.

 

Please follow and like us: