126
Қалалық жеңілатлетикалық манеж кешенінде GAMMA жауынгерлік аралас жекпе-жегінен жасөспірімдер, ересектер, әйелдер және ардагерлер арасында Шымкент қаласының ашық чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа Қырғызстан және Алматы қаласы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысынан аралас жекпе-жек шеберлері келген. Жалпы 300-ден астам спортшы бақ сынайды.
Бүгін сайыстың ашылу рәсімі өтті. Оған қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов, Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Берген Ержаппар, қалалық GAMMA жауынгерлік аралас жекпе-жек федерациясының басшысы, прокуратура ардагері Асқар Тілеуұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Аталған спорт түрі Шымкент қаласында қарқынды дамып келеді. Былтыр Қырғызстанда өткен Азия чемпионатында қала спортшылары жеңімпаз болып оралды. Шаһарда 200-ден астам адам осы спортпен шұғылданады. Салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосып келеді, – деді Е.Дәрменов.
Қалалық GAMMA жауынгерлік аралас жекпе-жек федерациясының басшысы Асқар Тілеуұлы жауынгерлік жекпе-жек түрі бұқаралық сипатта дами беруіне тілектестігін білдірді. Қалада осы спорт түрінен Нұржан Бекзатов, Нұрлан Нұрсейітов сынды саңлақтар бар.
Қалалық ашық чемпионаттың жеңімпаздары ертең анықталады.
Please follow and like us: