Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарКөкейтестіҚоғам

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

54қаралым

Бүгін Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша онлайн брифинг өтті.

Брифинг барысында Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов пен Ресейден келген жоғары дәрежелі реаниматолог Денис Цветков қаладағы эпидемиологиялық ахуал төңірегінде баяндады.

Тимирхан Варзиловтың мәлімдеуінше, қазірде Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Науқастарға қажетті медициналық көмек берілуде.

— Шымкент қаласында 2020 жылғы 20 шілде күнгі мәлімет бойынша 4453 COVID-19 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте 53 коронавирус жұқтырған. Жазылып шыққан науқастар саны — 2768. Жалпы бүгінгі күні қала бойынша 3860 төсек орын бар (650 — инфекциялық төсек, 3210 — провизорлық төсек), оның ішінде бос төсек-орындар саны 1809 – (284 – инфекциялық, 1525 – провизорлық төсек). Ауыр дәрежедегі науқастар үшін инфекциялық стационарларда 60 реанимациялық төсек-орын, провизорлық стационарларда 91 төсек-орын бар. Сондай-ақ қаладағы емханаларда қосымша 628 төсек-орын күндізгі стационар ұйымдастырылған. Шымкентте 2020 жылдың 1 қаңтар мен 17 шілде аралығында пневмонияның 11035 жағдайы тіркеліп, оның ішінде 8944 науқас емделді. Бұл ретте қаланың медициналық мекемелерінде бүгінгі күні 339 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ), 673 «Бобров» тыныс алу аппараттары қолданылады. Қосымша 2 ауруханада оттегі станциясын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бір ай ішінде тағы 3 аурухана қосылады. 2020 жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша тесттер қоры – 12456, бір күндік 609 ПТР (полемеразды тізбекті реакция) өткізілген, — деді Т. Варзилов.

 

 

Please follow and like us: