82
Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беру кездесуі кезінде мәлім етті. Карантин талаптарына байланысты есептік кездесу онлайн форматта өтуде.
— Абаттандыруды қажет ететін және тозығы жеткен аулаларды жөндеу мақсатында өткен жылы 64 үйдің ауласына абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілді. Жыл қорытындысында абаттандырылған үйлердің көрсеткіші 565 үйді құраған. Қалған 47 үйдің ауласын абаттандыру инженерлік жүйелермен толық қамтылған соң, келесі жылға жоспарланған. Сонымен қатар, 2011 жылы абаттандыру жұмыстары жүргізілген 80 көпқабаттың үйдің 38 үйінің ауласында орналасқан балалар ойын алаңшаларына жөндеу және балалар ойын алаңшаларын қайта құру жұмыстары жүргізілді, — деді аудан әкімі.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды. Ол бойынша тұрғындардан келіп түскен жобалар сараптамалық кеңесте қаралып, басым дауыс жинаған 14 жоба бойынша 28 үйдің ауласын абаттандыру мақсатында 486,5 млн. теңгеге сметалық есептер әзірленді.
Айта кетейік, ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында 100 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарланып, жоспарға сәйкес, 2020 жылға дейін 79 ашық спорт алаңшасы орнатылған.
Please follow and like us: