Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәдениет

ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ЕЛ ҚОРҒАҒАН САРБАЗДАР

97қаралым

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні — халқымызға тән батырлық пен ерліктің, Отансүйгіштіктің мерекесі. Атаулы күннің жас буынды патриоттық бағытта тәрбиелеуде маңызы айрықша. Өскелең ұрпақты ерлікке үндейтін мерекелік іс-шаралар шеруі Шымкентте бүгіннен басталып кетті.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Сахна төріне еліміздің Мемлекеттік Туы салтанатты жағдайда шығарылып, Мемлекеттік Гимн шырқалып, көпшіліктің рухын көтерді.
«Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толып отыр. Осы жылдар арылығында ұлттық армиямыз түрлі даму сатыларынан өтіп, жылдан жылға қуаты артып келеді. Бүгінде дайындық деңгейі жоғары, жауынгерлік рухы асқақ, заманауи қару-жарақ және әскери техникамен жабдықталған. Айбынды армиямыз – тұғырлы Тәуелсіздігіміз мен мемлекетіміздің берік қорғаны болып табылады” — деді қала әкімі.
Сондай-ақ М.Дүйсенбекұлы бір топ әскери қызметкерді Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар жиында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев Қарулы күштердің ардагерлері мен жауынгерлерді мерекесімен құттықтап, жоғары деңгейде қызмет атқарған сардарлар мен сарбаздарды марапаттады.

Жиын соңы сарбаздар мен жергілікті әскери оқу орындары курсанттарының және эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласты.

Please follow and like us: