Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

88қаралым

«Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан арасындағы экономикалық дәліздің даму әлеуетін бағалау» тақырыбында екінші аймақтық семинар өтті.


Онлайн форматта ұйымдастырылған семинарда көршілес үш елдің өкілдері экономикалық әріптестік аясын кеңейту жайын сөз етті. Аталған жиынның мақсаты – трансшекаралық экономикалық дәлізді дамыту, Шымкент, Ташкент және Худжанд қалалары бойынша аймақтық әріптестік әлеуетті қолдау.
Екінші аймақтық семинарда тараптар экономикалық дәліздің жол картасы жобасын ұсыну, әріптестік байланысты нығайту жайын талқылады.

Жиынға ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, Азия даму банкінің өкілдері Сафдар Парвез, Хинлань Ху, сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, туризм басқармасының басшысы Олжас Шинтаев қатысты. Қала әкімінің орынбасары Жол картасы тақырыбындағы 1-сессияда сөз сөйледі.


– Қазақстан Өзбекстан және Тәжікстан түрлі салалар бойынша стратегиялық әріптес, достық қарым-қатынасы дамыған елдер. Сенімді әріптестік орнаған. Шымкентте инвестициялық жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін қажетті барлық шарттар бар. Жалпы үш өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытуда үлкен әлеуеттер бар, – деді Айбек Сәттібаев.


2018 жылы трансшекаралық экономикалық дәлізді дамыту бойынша Азия даму банкі аталған елдерге қолдау көрсетуді бастаған еді.
2019 жылы қарқынды жүргізілген жұмыстардың негізінде аймақтық семинарлар өткізіліп, экономикалық дәліздің жол картасы әзірленді.

 

Please follow and like us: