Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәселе

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

73қаралым
Түркияның инвесторлары зауыт ашу туралы ұсыныспен келді. Түрік инвесторларымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кездесті. «Джейланд Холдинг» компаниясының басшылары Түркістан облысының аумағында мырыш зауытын ашуға ниетті. Шетелдік компания жаңа жобаға 40 млн. АҚШ долларын жұмсауға қауқарлы.
Тараптар жаңа жобаға қатысты сұрақтарды талқылады. Жаңа кәсіпорын Түркістан еркін экономикалық аймағының аумағына кіреді.
«Түркия мен Түркістанды ежелгі тарихи тамырлар мен рухани көзқарастар байланыстырады. Түркия – еліміздің маңызды, стратегиялық және сенімді серіктесі. Түркістанды дамытудағы қазақ-түрік ынтымақтастығының маңыздылығы белгілі. Біздің қалада халықаралық әуежай мен басқа да маңызды нысандардың құрылысына түрік компаниялары қатысқан. Алда тағы да ірі жобаларды қолға алуға атсалысамыз , – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, Түркістан облысында түрік инвестицияларының қатысуымен 50-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асқан.
Please follow and like us: